«ҒЫЛЫМИ-КЛИНИКАЛЫҚ
КАРДИОХИРУРГИЯ ЖӘНЕ ТРАНСПЛАНТОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫ» ЖШС
Тарих

Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығы (бұрынғы «Кардиохирургия орталығы») 2007 жылдың аяғында Тұрар Рысқұлов атындағы шипажайдан 2 қабатты корпусты жалға алып, жұмыс істей бастады. Орталықтың ұйымдастырылуы ҚР үкіметінің «Кардиология және кардиохирургия қызметін дамыту мен жетілдірудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асырудың басталуымен тұспа-тұс келді. Бастапқыда Орталық Бішкектен келген мамандар десантының көмегімен ұйымдастырылды. Орталық басшысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ПМА академигі, Қырғыз Республикасы ҰҒА корреспонденция мүшесі Сейітхан Жошыбаев бұған дейін Қазақстанның әр түрлі облыстарында бірнеше рет жүрекке кардиохирургиялық оталар жасаған болатын. Қырғызстаннан келген десант мына қызметкерлерден тұрды: Ж.О. Шейшенов – туа біткен жүрек ақауы бойынша кардиохирург, А.Б. Жұманазаров – кардиохирург, перфузиолог, Д.К. Назарбеков – анестезиолог-реаниматолог, К.А. Садықбергенова – клиникалық-биохимиялық зертхана меңгерушісі, С.А. Табышова – бас медбике, Б. Искенбаева – ота медбикесі – перфузиолог, Ж. Әлиасқарова – анестезия медбикесі.

2007 жылғы 22 желтоқсанда өткен Орталықтың салтанатты ашылу рәсімінде Жамбыл облысының әкімі Б.Жексенбин және «...Тараз қаласының Кардиохирургия орталығы АҚШ-тың Мэйо клиникасы сияқты әйгілі медициналық орталыққа айналуы тиіс», – деп атап көрсеткен ҚР ҰҒА академигі Т. Шарманов сияқты жұртшылық пен ғылымның көрнекті өкілдері сөз сөйледі.

Сол кездегі Қазақстандағы жалғыз жеке меншік кардиохирургиялық орталығымыздың даму және өркендеу тарихы осы салтанатты ашылу рәсімінен бастау алды. Директордың ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі бірінші орынбасары – м.ғ.д., профессор, жоғары санатты дәрігер

Бұл ұйымдастырудың қиын кезеңдері болды... Жабдықтау мен орналасу ол кезде Орталықта болмаған қомақты қаражат салымдарын қажет етті. Жаңа кадрларды диагностикалауға, емдеуге, жасанды қан айналымын пайдалана отырып ота жасауға, анестезиология және реанимациялау мәселелеріне, отадан кейінгі күтімге оқытып-үйрету қажет болды. Ал ең бастысы – халықтың, жергілікті және республикалық мекемелердің сеніміне ие болу қажет болды, өйткені Жамбыл облысында алғаш рет жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін: туа біткен, жүре пайда болған ақауларға оталарды және аорта-коронарлық шунттауды жүргізетін кардиохирургиялық мекеме жұмыс істей бастады.

Орталыққа консультативтік-емдік көмек алу үшін еліміздің әр түрлі аймақтарынан:

Жамбыл,

Оңтүстік Қазақстан,

Қызылорда,

Алматы,

Атырау,

Ақтөбе,

Маңғыстау,

Қарағанды облыстарынан, көршілес Өзбекстан мен Қырғызстаннан науқастар жүгінеді.

ҚР-дағы науқастардың 95%-ына медициналық көмек мемлекеттік қолдау аясында – республикалық бюджеттен ТМККК ауруханаға жатқызу бюросының порталы арқылы тегін көрсетіледі.

Байланыс
Тіркеу бөлімі: 8 (7262) 54-28-09
Канцелярия: 8 (7262) 54-28-00
WhatsApp: 8 (708) 450-96-51
Эл. почта: nkckt@mail.ru
080000, ҚР, Тараз қ., Абай даң., 196/1
Факс
8 (7262) 54-28-00

Дүйсенбі-Жұма — 8:00-17:30

2007 ҒККТО

Қызмет түрлері
  • Ересектер бөлімі
  • Балалар бөлімі
  • Диагностика
Клиника
  • Біз туралы
  • Дәрігерлер
  • Бөлімдер
Пациентерге
  • Жаңалықтар
  • Акциялар
  • Көмек